USD
USD
USD

Түркістанда ер адам достарымен бірге өз әйелін күштеп жындыханаға жатқызған

Түркістан қаласында әйелін күштеп жындыханаға жатқызған ер адам мен оның екі танысына қатысты сот үкімі шықты.

жындыхана
Фото: ЖИ көмегімен жасалған/Nege.kz

Астана, NEGE. Облыстық соттың мәліметінше, ер адам отбасылық жанжалдан кейін екі досын шақырған. Үшеуі әйелдің қарсылығына қарамастан, қол-аяғын скотчпен байлап, Шымкент қаласындағы облыстық психиатриялық орталыққа алып барған. Сол жерде ер адам медициналық құжаттарға қол қойып, әйелін стационарға заңсыз түрде орналастырған. Тергеу барысында оның бұл жоспарды алдын ала әзірлегені белгілі болды.

Сондай-ақ, ер адамның үйінен 16 дана жауынгерлік патрон табылған. Ол оқ-дәрілерді базар аумағынан тауып алып, заңсыз сақтағаны анықталды. 

Сот ер адамды "адам ұрлау", "психиатриялық мекемеге заңсыз орналастыру" және "оқ-дәріні заңсыз сақтау" баптары бойынша кінәлі деп таныды. Ал оның екі танысы адам ұрлауға қатысқаны және заңсыз орналастыруға көмектескені үшін жауапқа тартылды.

Облыстық сот баспасөзінің хабарлауынша, олардың кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, сараптамалық қорытындылармен, куәлардың жауаптарымен, аудио-бейнематериалдармен және өзге де іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Осылайша, сот үкімімен негізгі айыпталушы 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған екі азаматтың әрқайсысы 8 жылға сотталды.

Сондай-ақ, сот моральдық зиянды өтеу туралы шешім қабылдады. Негізгі сотталған азамат жәбірленушіге 5 млн теңге төлеуге міндеттелді. Ал қалған екі сотталушыдан әрқайсысынан 3 млн теңгеден, барлығы 6 млн теңге өндірілетін болды.

Жаза тағайындау кезінде олардың кәмелетке толмаған балалары бар екені ескерілді. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

чернобыль

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты

Қоштасу рәсімі

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге қашан жететіні беймәлім

ақша

Жағалаудағы құрылыс кезінде 170 млн теңге жымқырған: Көкшетауда шенеунік сотталды

блогер соты