USD
USD
USD

Түркістанда екі ай бұрын ашылған «Қолөнершілер қалашығы» жұмыс істемей тұр

Түркістан қаласында екі ай бұрын ашылған «Қолөнершілер қалашығы» кешені жұмыс істемей тұр.

қолөнершілер қалашығы
Фото: Түркістан облысының әкімдігі

 Астана, NEGE. Kazinform мәліметінше, қыркүйек айында ашылу рәсімі өткен орталық қазір жабық, ал, ғимарат аумағы арнайы лентамен қоршалған. 

Түркістан қаласының әкімдігі аталған ғимаратты жеке кәсіпкер салғанын айтады. 

Қолөнершілер орталығы жеке инвестициялар есебінен салынған. Кәсіпкер ғимараттың құрылысын өз қаражатына толық аяқтады. Орталықтың ашылу рәсіміне қаланың қолөнершілері мен шығармашылық мамандары қатысты. Қазіргі уақытта қолөнершілерді ғимаратпен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік сатып алу жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады қала әкімдігі Kazinform агенттігіне.

Айта кетейік, Түркістан қаласында қыркүйек айында қолданысқа берілген «Қолөнершілер қалашығы» кешенінің жалпы аумағы 2,3 гектар. Туристік және мәдени бағыттағы бұл кешен 8 негізгі функционалды бөліктен тұрады. Онда 20 шеберхана, 2 шоурум, көрме залы, мейрамхана, қонақүй және өзге де қажетті инфрақұрылымдар қарастырылған.

Түркістан қалалық әкімдігі аталған орталықта өңірлік ерекшеліктер мен тұтынушылар сұранысына орай арнайы брендтік каталог әзірленіп, соның негізінде ұлттық кәдесыйлар нарыққа шығарылатынын айтқан. 

Қазір оқып жатыр

Мәскеу түбіндегі «Крокус сити холлдағы» теракт: айыпталушыларға үкім шықты

Крокус сити холлдағы терракт

Тоқаев: Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ

Мемлекеттік тіл

«Масылдық ұғымынан біржола арылу қажет»: Президент дотацияға сеніп отыратын әкімдерді сынады

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Ересектермен бірдей жазаға тартылады»: ІІМ ата-аналарға ескерту жасады

Есірткі қылмысы