USD
USD
USD

Түркістанда әйелін қызғанып, фельдшерді ұрған ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Түркістанда жедел жәрдем фельдшерін ұрған ер адам қамауға алынды. 26 жастағы азамат қылмыс жасаған соң, тек екі күннен кейін ұсталып отыр, деп хабарлайды КТК.

Жедел жәрдем
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оқиға 26 тамыз күні Түркістан қаласында болған. Жүкті келіншектен шақырту алған жедел жәрдем фельдшері Құдірет Мүтәліповті тексеру кезінде пациенттің күйеуі «келіншегіме қолың тиді» деп сабап тастаған. Жабық бас жарақатын алып, есінен танған 26 жастағы медицина қызметкері ауруханадан бір-ақ шықты.

Екі жақ өзара келісіп, фельдшердің туыстары кешірім бергенімен, жұдырығын ала жүгірген ер адам жазадан құтылмайтын сияқты. Енді ол кемі екі ай темір тордың арғы жағында тергеушілерге жауап бермек.

«Түркістан қаласында шақыртуға барған медицина қызметкеріне күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Полиция «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында құқыққа қайшы әрекеттері үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етілетінін атап көрсетемін. Қылмыстық іс менің бақылауымда», - деді Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда дизель отынына цифрлық және түстік бақылау енгізілді

Дизель отыны

Иран тарабы Ядролық қаруды таратпау туралы шарттан шығуы мүмкін екенін мәлімдеді

Ядролық қаруды таратпау туралы шарт

Қылмысқа жәрдемдесу ретінде сараланады: полиция ата-аналарға үндеу жасады

Маңғыстау

Алматы облысында 20 түрлі дәрі шығаратын фармацевтикалық зауыт салынады

фармацевтика