18 Желтоқсан 12:28
...

Түркістанда ішімдік ішуге және сатуға тыйым салынуы мүмкін

тыйым салу
Фото: pixabay.com

Бұл туралы Мәжілісте Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заң жобасын талқылау барысында белгілі болды.

Астана, NEGE. Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Түркістанда билер мен батырлар жерленгендіктен қалада ішімдік сатуға тыйым салуды ұсынды.

«Осы заң аясында Түркістанда арақ сатуға, арақ ішіп, ләйліп көшеде жүруге тыйым салсақ?! Өйткені рухани астана деп отырмыз, бүкіл қазақ осы жерден рух алуы керек. Ол жерде бабаларымыз, әулие, батыр, билеріміз жатыр. Ертең шетелден көп қонақ келеді. Сол кезде азаматтарымыз арақ ішіп, алдынан шығатын болса, ұят қой. Осы заңның аясында арақсыз қала, рухани қала деп араққа тыйым салуға бола ма?»  – деді Назаров.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев депутаттың сауалына жауап берді.

«Түркістан негізгі басымдық бағытында рухани-мәдени бағытпен қатар, туристік бағыттағы қала ретінде де бекітіліп отыр. Соған сәйкес бизнес қауымдастықтың өкілдері тарапынан осы мәселеге түрлі көзқарас туындады. Бұл мәселе орынды. Алдағы уақытта заң нормалары аясында қарастыру қажет деп санаймыз», - деді Бейсенбай Тәжібаев.