USD
USD
USD

Түркістанда аламан айтыс өтті

Көне дәуірден бері ұлт руханиятының діңгегі болып келе жатқан айтыс өнері Түркістан төрінде қайта жаңғырып, наурыз мерекесіне орай аламан дода ұйымдастырылды, деп жазды egemen.kz.

а
Фото: инстаграмнан

Алматы, NEGE. «Тұран дала, Әз Түркістан» атты республикалық ақындар айтысы еліміздің әр өңірінен келген дүлдүлдерді бір сахнада тоғыстырды.

Аламан айтысты айтыскер ақын, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Аманжол Әлтай жүргізді. Оның айтысты жүргізудегі тапқырлығы, шынайы бағалауы мен айтыскерлерге дем беруі шараның деңгейін одан әрі көтерді.

Жыр сайысына еліміздің түкпір-түкпірінен келген 14 ақын қатысып, сөз барымтасына түсті. Қаламгерлер тапқырлық пен терең ойдың көрінісін көрсетіп, сан ғасырлық жыраулық дәстүрді жалғады. Түркістан төрінде өткен бұл айтыс – тек жыр бәйгесі ғана емес, елдік мұраттарды дәріптеген рухани кеш болды.

Айтыстың әділ бағасын беретін қазылар алқасының құрамында сөз өнерінің майталмандары отырды. Олардың ішінде қазақ айтысының абыз ақсақалы, «Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының» басқарма төрағасы Жүрсін Ерман және елімізге танымал ақындар бар.

Қазылар алқасының шешімімен суырыпсалма өнердің жүйріктері анықталды. Бас жүлде мен 1 500 000 теңгені жас ақын Шұғайып Сезімхан қанжығасына байлады. Оның өткір тілі, ұтымды ұйқасы, астарлы ойлары көрерменнің де, қазылардың да көңілінен шықты.

Сөз бәйгесінде жүлделі орындарға лайық деп танылған ақындар:

• І орын – Дәурен Ақсақалов

• II орын – Нұрбек Бәкір

• III орын – үш бірдей ақынға бұйырды: Әсел Ережеқызы, Мұхтар Ниязов және Зылиха Наурызалина

Жүлдесіз қалған айтыскер болған жоқ.Қатысушылардың барлығына 500 000 теңгелік сертификаттар табысталды.

Көпшілік асыға күткен бұл айтыс ұлттық рухтың биіктігін тағы бір дәлелдеді. Ақындар елдің түйткілді мәселелерін жырлап, қоғамдағы өзекті тақырыптарды қозғады. Шабыт пен шындықтың шарпысқан аламаны көрермендерді бейжай қалдырған жоқ.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

 Alfa Nero

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

 Бөрте Сайранбекқызы

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

ресей

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды

Полиция