USD
USD
USD

Түркістанда 18 адам бюджеттен 583 млн теңге жымқырған

ҚМА Бәйдібек аудандық білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын жүйелі түрде жымқыру фактісі бойынша үкім шыққанын хабарлады.

Тергеу
Фото: Видеодан скрин/Қаржылық мониторинг агенттігі

Астана, NEGE. Ведомство мәліметінше, басшылар, бухгалтерлер және экономистерді қоса алғанда 18 лауазымды тұлға жалақы мен өзге де төлемдерге арналған бюджеттік өтінімдерді негізсіз ұлғайтқан. Сол арқылы аудандағы 49 жалпы білім беретін мектеп қаражатын иемдену схемасын ұйымдастырған.

«Бухгалтерия қызметкерлері электронды жүйелерге әдейі жалған мәліметтер енгізіп отырған. Төлем ведомостары мен есеп парақтарына іс жүзінде жұмыс істемеген адамдар енгізілген немесе жалақы мен үстемеақылардың көлемі негізсіз өсірілген», – деп мәлімдеді ҚМА өкілдері.

Операцияларға заңды сипат беру үшін қызметтік жазбалар, бұйрықтар, есеп ведомостары мен жұмыс уақыты табельдері сияқты жалған құжаттар пайдаланылған.

«Құжаттардың бір бөлігі төлемдер жүргізілгеннен кейін өткен мерзіммен рәсімделіп немесе есептілікті сәйкестендіру мақсатында түзетілген.

Қаражат бөгде тұлғалардың, оның ішінде туыстары мен таныстарының банктік шоттарына аударылып, кейін алдын ала келісілген үлестер бойынша қатысушылар арасында бөлінген», – делінген хабарламада.

Нәтижесінде мемлекетке 583 млн теңгеден астам залал келтірілген. Тергеу барысында күдіктілер келтірілген шығынды толық өтеді.

Сот 14 адамды 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Тағы 4 адамға қатысты іс рақымшылыққа байланысты тоқтатылды. Үкім заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

аурухана

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Қытай

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

ERG

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты

Кенші