USD
USD
USD

Түркістан: Төлеби ауданында «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 3 мектептің құрылысы жүріп жатыр

Төлеби ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 3 мектептің құрылысы жүргізілуде.

Түркістан
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан, NEGE. Бұған қоса, 3 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Атап айтсақ, Алатау ауылдық округі, Қосағаш елді мекенінде 300 орындық, Көксәйек ауылдық округі Көксәйек елді мекенінде 600 орындық, Киелітас ауылдық округі Достық елді мекенінде 900 орындық мектеп ғимараттары.

Бұл мектептің үшеуі де 2024 жылдың соңына пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бүгінде үш «Жайлы мектептің» сыртқы инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев үш білім ошағын аралап, мердігер мекеме өкілдеріне жолығып, атқарылып жатқан жұмыс барысын қадағалады. Қосағаш елді мекеніндегі 300 орындық мектептің сыртқы инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысын «Содбис Строй» ЖШС жүргізіп жатыр.

Қазіргі кезде білім беру мекемесіне электр жүйесін, ауыз су құбырын, газ құбырын, сымтетік желісін тарту жұмыстары аяқталуға жақын. Сондай-ақ Достық елді мекеніндегі 900 орындық мектептің сыртқы инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысы тартылып, жол салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігер мекеме: «Construction Group SAMRUK» ЖШС. Көксәйек елді мекеніндегі 600 орындық мектептің сыртқы инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысы да қарқынды жүзеге асуда.

Аудан әкімінің орынбасары Ленгір қаласы, І мөлтек ауданы, Қапал батыр көшесі бойындағы 5 қабатты көппәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарына назар аударды. Аудандағы құрылыс алаңдарында қарбалас тірлік. Мердігер мекеме басшыларына құрылыс жұмыстарын кестеде көрсетілген мерзімде аяқтауды тапсырған аудан әкімінің орынбасары халық көптен күткен баспаналарына қол жеткізіп, оқушылар жаңа білім ошағында білім алу қажеттігін ескертті. 

Қазір оқып жатыр

ЭКСЖ: 67 жоба бойынша құрылыс жұмыстары әлі басталмаған

ЭКСЖ Жобалық кеңсесінің отырысы

«Өте жоғары жылдамдықпен жүрген»: Алматыда 54 жастағы электросамокатшы қаза тапты

Элетросамокат

Қазақстанда биыл мұнай экспорты 6,7%-ға төмендеген

Мұнай

Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Тараз әуежайына айыппұл салынды

әуежай