USD
USD
USD

Түркістан: Ордабасыда жаңа демалыс аймағының құрылысы жүргізілуде

Ордабасы ауданы Темірлан елді мекенінде жаңа демалыс аймағының құрылысы жүргізілуде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан, NEGE. Ауылдың кіреберісі Арыс және Аббасов көшелерінің қиылысындағы «Құртай» каналы бойындағы гүлзар елді мекеннің ажарын аша түспек. Нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «DosGrupp» ЖШС-і мердігер мекемесі аллеяны биыл шілде-тамыз айларында қолданысқа беріледі деп жоспарлап отыр. Онда балаларға арналған ойын алаңшасы, орындықтар, жарықшамдар орнатылып, спортпен айналысуға барлық жағдай жасалатын болады.

Алдағы уақытта аудан орталығының сәнін келтіріп, көркін ашатын гүлзар темірландықтардың сүйікті демалыс орнына айналмақ. Онда егілген ағаш көшеттері ауа райының аптап ыстығында жаяу жүргіншілерге сая болары анық.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші