USD
USD
USD

Түркістан облысының тұрғынынан марихуана тәркіленді

Түркістан облысының тұрғынынан марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Кентаулық полицейлер жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында есірткі қылмысына қатысы бар 55 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Жедел уәкілдер ер адамның үйіне тінту жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде күдіктінің үйінің ауласында орналасқан гараждың ішінен 5 сіріңке қорабына оралған хош иісті есірткіні тауып, тәркіледі.

Сараптамаға сәйкес алынған есірткі марихуана болып шықты. Күдікті өз сөзінде есірткіні өзі қолдану мақсатында сақтағанын айтты.

Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Ордабасы» ҚПЛ жеңімпазы атанды

Ордабасы

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент