4 Қыркүйек 12:28
...

Түркістан облысының тауларынан жоғалып кеткен туристің денесі табылды

Құтқару
Фото: ТЖМ

1 қыркүйекте 112 пультіне 31 тамызда Шымкенттен Түркістан облысы тауға шыққан 1996 және 1997 ж.т. екі жас жігіттің жоғалып кеткені туралы туысынан хабарлама келіп түсті.

Алматы, NEGE. Өтініш келіп түскеннен кейін іздестіру-құтқару іс-шаралары дереу басталды. Іздеу жұмыстары Сайрамсу шыңы ауданында теңіз деңгейінен 2200 метр биіктікте, "Сайрам-Өгем" ұлттық табиғи паркінің аумағында, Қасқасу ауылынан 8 км жерде жүргізілді.

Іздеу-құтқару жұмыстары жетуі иын және қауіпті таулы жерлерде жүргізілді. "Ізгі ниет" асуы ауданындағы операция барысында ТЖМ құтқарушылары туристердің бірімен дыбыстық байланыс орнатты. Оның хабарлауынша, екінші қатысушы Өзбекстан Республикасының азаматы 1996 жылы туған.

Жартасты рельефке байланысты тікұшақ оқиға орнына жақындай алмады және құтқару тобы жаяу аттанды. Құтқарушылардың бастамасы бойынша Шымкенттегі базадан Қазақстан альпинизм федерациясының бес кәсіби альпинисті жеткізілді, олар құтқарушылармен бірлесіп іздеу және эвакуациялау жұмысын жалғастырды. Альпинистер арнайы жабдықты пайдаланып, жартастарға көтеріліп, тірі қалған бір туристі, сондай-ақ қайтыс болған адамның денесін тапты.

Құтқарылған адам туыстары күткен таудың етегіне атпен эвакуацияланды. Марқұмның денесі де түсіріліп, полиция қызметкерлеріне берілді. Құтқару операциясына ТЖМ жеке құрамының 18 адамы және 5 бірлік техникасы, Орман шаруашылығы, полиция бөлімшелері, Қазақстан альпинизм федерациясының альпинистері, сондай-ақ ТЖМ ұшқышсыз ұшу аппараттары мен "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды.