USD
USD
USD

Түркістан облысының оқушысы ҰБТ-дан 140 балл жинады

Ордабасы ауданының тұрғыны, Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназия түлегі Әбілхан Жәнібек Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары нәтиже — 140 балл жинады.

 Әбілхан Жәнібек
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Жәнібек ҰБТ-да бейіндік пән ретінде информатиканы таңдаған. Көпбалалы отбасында тәрбиеленіп, өз күшімен үздік нәтижеге жеткен ол табандылықтың, еңбекқорлық пен жүйелі дайындықтың үлгісін көрсетті.

«Жәнібек Асқарұлы — өз арманына сеніммен қадам басқан, жауапкершілігі жоғары, уақытты тиімді пайдалана білетін ізденімпаз жас. Оның бұл жетістігі өзге оқушыларға үлкен үлгі бола алады. Біз Жәнібекті шын жүректен құттықтап, алдағы білім жолында биік белестерден көріне беруіне тілектестік білдіреміз», — делінген Түркістан облысы білім басқармасы таратқан хабарламада.

Жәнібек 1-сыныптан бастап аталған мектепте оқып, білімге деген ерекше ынтасымен, үздік үлгерімімен көзге түскен. Мектеп директоры — Сәуле Исанова болса, ал сынып жетекшісі — Гүлзира Бортай.

Қазір оқып жатыр

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот