USD
USD
USD

Түркістан облысының білімді жастары халықаралық Олимпиадада топ жарды

БАӘ-нің астанасы Абу-Даби қаласында "Genius Kids" орталығының ұйымдастыруымен менталды арифметикадан халықаралық олимпиада өтті, деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Түркістан облысы
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Түркістан, NEGE. Білім бәйгесіне әлемнің 12 мемлекетінен үздік оқушылар қатысты. Аталған олимпиадаға Түркістан облысы Жетісай ауданының “Smart English” орталығынан 14 оқушы қатысып, Франция, БАӘ, Ресей, Әзірбайжан, Бельгия сынды мемлекеттерден келген жастармен бақ сынасты.

Халықаралық деңгейде өткен байрақты білім бәсекесінде бақ сынаған Түркістан облысының білімді жастары топ жарып, жүлделі орындарға ие болды.

Алмас Мұратов пен Аяна Мұратова, Нұрислам Жора, Асылзат Беркімбай 1-орынға жайғасса, Мұхаммед Шалқаров, Мұстафа Болыс, Нәила Азимова күміс жүлдені қоржынға салды. Ал, Мұхаммеджан Болыс, Санжар Әбдіғаппар, Мадияр Орынбай, Сезім Дүйсенбай, Әбілмансұр Жақсылық пен Кәусар Оспан үздік үштікті қорытындылады. Сондай-ақ, жетісайлық Інжу Жандарбек халықаралық білім бәйгесінің “Супер чемпионы” атанды.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев