Референдум Референдум
USD
USD
USD

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды келестік тұрғындарға жеке қабылдауын өткізді

Түркістан облысында тұрғындар өтініші мен тілектері өңір басшысының назарында. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданындағы жұмыс сапары аясында жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Түркістан, NEGE. Аудан тұрғындарын алаңдатқан мәселелерді мұқият тыңдап, жауаптыларға заң аясында шешімін табуды тапсырды. Қабылдауға құқық қорғау органдары мен басқарма басшылары да қатысты.

Тұрғындар жеке қабылдауда түйткілді мәселерді ортаға салды. Азаматтар елді мекендегі инфрақұрылымды дамыту мәселесін көтерді. Кәсіпкерлік мәселесін қозғады. Жер және ағын су жайын талқылады. Мәдениет саласына қатысты сауал жолдап, Ақтөбе ауылына мектеп салуды және балық шаруашылығын қолдауды сұрады. 
Жамбыл ауылдық округі, Байғабыл елді мекенінен келген азамат жер мәселесіне қатысты шағымын айтты. Тағы бірі денсаулығына қатысты көмек сұрады. Сондай-ақ жол мәселесін қозғады.

Абай ауылынан келген азамат жер телімін беруді сұрады. Келесі тұрғын баласын шетелде емдетуге арналған тізімге қосып, қаржылай көмек сұрады. Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қорынан қаржы бөлуге ықпал етуді өтінді. Ал енді бірі Абай ауылындағы мал базардың орнын жаңа салынған базарға көшіруді жөн санайды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мәселелер бақылауға алынды. Өңір басшысының халықпен кезекті кездесуі мен жеке қабылдауы Сарыағаш ауданында жалғасады. 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда