USD
USD
USD

Түркістан облысындағы өртке байланысты Үкіметтік комиссия құрылды

Түркістан облысындағы 12 адам қаза тапқан өрттің себептерін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссии құрылды.

комиссия
Фото: Gov.kz

Астана, NEGE.  Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен құрылған комиссия құрамына Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ Түркістан облысы әкімдігінің басшылығы енгізілді.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі. Әкімдікке өрт салдарынан қаза тапқандарды жерлеуді ұйымдастыруға жәрдемдесу тапсырылды. Тергеу қорытындысы бойынша қосымша шешімдер қабылданатын болады, – делінген Үкімет хабарламасында.

Айта кетейік, Түркістан облысы, Жетісай ауданының Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан 12 адамның денесі табылды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі

Қазақстанда ең жоғарғы 2,4 млн теңге жалақыны қандай дәрігерлер алады?

дәрігер

Қазақстанда 200-ден астам азамат көмекке мұқтаж болмағандықтан, жәрдемақыдан ерікті түрде бас тартты

Бектенов, Жұманғарин, Мәдиев

Қазақстанға есірткіні тәтті ретінде әкелмек болған 20 жастағы қыз 16 жылға сотталды

Кісен