USD
USD
USD

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

1 қазанда нөсер жаңбырдан кейін Түркістан облысының Қазығұрт ауданында сел жүрді. Аудан әкімдігі жағдайға қатысты түсініктеме беріп, адам шығыны мен қираған баспаналар жоқ екенін хабарлады.

Сел
Фото: kazygurt.kz/instagram.com

Астана, NEGE. Желіде сел жүрген елді мекендерде түсірілген видеолар тарады. Бейнежазбада су басқан аулалар, құлаған көпір мен су шайып кеткен жолдан өте алмай тұрған көліктер көрсетілген, сондай-ақ суды белшеден кешіп жүрген тұрғындарды көруге болады.

«Қазіргі таңда сел өткен аймақтарда жергілікті атқарушы органдар және төтенше жағдай қызметкерлері тиісті шаралар жүргізуде», – деп мәлімдеді әкімдік өкілдері.

Бұл жұмыстарға тоғыз арнайы техника мен алпыстан астам адам жұмылдырылған.

Сонымен қатар әкімдік өкілдері үйлерінің ауласын су басқан тұрғындарға тиісті көмек көрсетіліп жатқанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік төлем: Қазақстанда отбасының байлығы қалай есептеледі?

отбасының әл-ауқаты

ҚМА Перизат Қайраттың туысының Дубайдағы пәтерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Перизат Қайрат

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті