USD
USD
USD

Түркістан облысында жол апатынан бір әулеттің бес баласы көз жұмды

Жантүршігерлік жол апаты Түлкібас ауданы Еңбекші ауылында болды. Апат салдарынан бір әулеттің бес баласы қаза тауып, тағы бір бала ауыр жарақатпен ауруханаға түскен.

Жедел жәрдем
Фото: NEGE

Астана, NEGE. Otyrar таратқан ақпаратқа қарағанда, балалар отырған Volkswagen Polo көлігі жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған, қатты соққыдан көлік қақ ортасынан екіге бөлініп қалған.

Дәрігерлер түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен баланы аман алып қалғанымен, оның қазіргі жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Полиция қызметінің алдын ала мәліметі бойынша, жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Бас прокуратураның мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы бес айында Түркістан облысында 461 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Апаттар салдарынан 100 адам қаза тауып, тағы 573 адам түрлі дәрежеде жарақат алған.

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.