USD
USD
USD

Түркістан облысында жоғалып кеткен жасөспірім тал түбінен табылды

Түркістан облысында полицейлер жоғалып кеткен жасөспірімді талдың түбінен тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тал түбінде қыста
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Түнгі уақытта Отырар аудандық полиция бөліміне 15 жастағы ұлының үйіне оралмағанын айтып хабарласқан тұрғын полицейлерден көмек сұрады.

Әкесінің айтуынша, оның ұлы кешкі сағат 17:00 шамасында достарымен шығып кетіп, күн қарайғанша келмеген. Жақындары полицияға хабарламай, бірнеше сағат өздері іздейді.

Оқиға кәмелет жасына толмаған баланың қауіпсіздігіне қатысты болғандықтан, учаскелік инспекторлар шұғыл іске кірісті. Жеткіншектің баруы мүмкін жерлер, жақын аумақтар мұқият тексерілді. Бір сағатқа созылған жедел жүргізілген-іздестіру жұмыстары нәтижесінде жоғалған жасөспірім үйінен 15 шақырым жердегі талдың түбінен табылды. Полицейлердің анықтауы бойынша 9-сынып оқушысы ата-анасына айтпастан достарымен қыдырған. Кеш болып кеткендіктен үйіне барса, ата-анасынан сөз естимін деп ойлап, талдың түбінде ұйықтаған.

Жасөспірім бала мен ата-анасына профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай