24 Тамыз 14:51

Түркістан облысында жергілікті бюджеттен грант иеленген түлектер өңірде 5 жыл қызмет жасауға тиіс

жиын
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Бұл туралы Түркістан қаласында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен конкурстық комиссия отырысында айтылды, деп жазды kazinform.kz.

Алматы, NEGE. Түркістан облысында жергілікті бюджет қаражаты есебінен бакалавриатқа 50 грант бөлінді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне ІТ саласына 35, медицина бойынша 15 орын берілді.Комиссия мүшелері гранттарды үміткерлер арасында іріктеп бөлу, грант иегерлерінің тізімін бекіту мәселелерін қарады.

«Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін биыл облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының қолдауымен резидентураға 139 орын бөлінген. Ол үшін 6 университет пен институт таңдалды. Солардың ішінде ХҚТУ-і де бар. Былтыр резидентураға 30 грант бөлініп, мамандар қазіргі таңда білімін жетілдіріп жатыр. Барлық резидентура түлектері Түркістан өңірінде 5 жыл қызмет етіп, білім грантын өтейді», – деді комиссия төрағасы Бейсенбай Дәулетұлы.

Бір ескеретінін жайт, аталған гранттарды тек Түркістан облысының мектеп бітірушілері иеленді. Құжат тапсырғандардың арасында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, І және ІІ топтағы немесе бала кезінен мүгедектер, осы санаттағы балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар, толық емес және көпбалалы отбасылардың балалары, ауыл жастары, «Алтын белгі» иегерлеріне гранттар үлестірілді. Бұл студенттерге Түркия еліне барып, білім алуларына мүмкіндіктер қарастырылып отыр. Бір ғана шарт оқуды тәмамдаған соң университет түлектері 5 жыл Түркістан өңірінде жұмыс істеулері қажет.