USD
USD
USD

Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз өндірумен айналысқан топ ұсталды

Түркістан облысында полиция жер қойнауын заңсыз өндірумен айналысқан адамдар тобын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Түркістан облысында полицейлер Шардара мен Жетісай ауданында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында, жер қойнауын заңсыз өндірумен, атыс қаруын сақтаумен және жеңгетайлықпен айналысқан адамдар тобын анықтады.

Нақтырақ айтсақ, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері мен жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері бірлесіп, күдікті 9 адамды, оның ішінде қылмыстық топтың ұйымдастырушысы, бұрын сотталған жергілікті тұрғынды ұстады. Жедел уәкілдер тінту барысында, олардан 1 жүк тиегіш көлік, 7 жүк көлігін, 2 аңшылық мылтық, патрондар және басқа да заттай дәлелдемелерді тәркіледі.

Бұдан басқа полицейлер Шардара қаласындағы іс-шаралар барысында, жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру фактісін анықтады. Жедел уәкілдер притонның 2 әкімшісін, Қазақстанның 4 азаматын ұстады. Сондай-ақ ақшалай қаражат пен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдіктілер қамалды. Тергеу жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жергілікті полиция қызметіне 20 мыңнан астам адам жетіспейді

ұрлық

Бапи, Мусин, Мүтәліп: Қазақстан Халық кеңесі құрамына кімдер кірді?

Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Шахмұрат Мүтәліп

300-ге жуық үлескер зардап шекті: Астанада «Mardan» тұрғын үй кешеніне қатысты іс сотқа жолданды

«Mardan» тұрғын үй кешені үлескерлерінің қылмыстық ісі

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Еркінғали Бүркіталин