USD
USD
USD

Түркістан облысында жас қызды зорлады деген айыппен шетел азаматына үкім шықты

Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы 16 жастағы қыздың өліміне қатысты сот үкімі жарияланды.

pixabay.com
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Айыпталушы 38 жастағы Өзбекстан азаматы Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру», «Зорлау» және «Зорлық-зомбылықпен жыныстық сипаттағы зорлық көрсету» баптары бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды, – деп жазады Otyrar.

Қайғылы жағдай 6 маусымға қараған түні болған. Бойжеткен отбасына тиесілі азық-түлік дүкенінен үйіне келе жатып жоғалып кеткен, ал денесі сол күні таңертең балабақшаның маңынан табылған.

Сот отырысы жабық өтті. Айыпталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасымен қатар, жәбірленушінің отбасына 50 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеу міндеттелді. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде өтейді.

Қазір оқып жатыр

NAVAI мінген көліктен есірткі табылды

NAVAI

Астанада құмар ойынның кесірінен екі шенеунік қызметінен айырылды

Портфель ұстаған шенеуніктер

Жасанды интеллект медианарықты өзгертеді, бірақ жауапкершілік журналистің мойнында қалады – Қанат Ысқақов

Қанат Ысқақов

Қазақстандықтардың деректері шетелге кете ме? Депутат тексеруді талап етті

Ляззат Жылқыбаева