USD
USD
USD

Түркістан облысында жас келіншек көршісінің үйіне екі рет ұрлыққа түскен

Түркістандық тұрғын көршісінің үйіне екі рет ұрлыққа түскен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұстау
Фото: discover24.ru

Алматы, NEGE. Төлеби ауданында полиция бір үйге екі рет ұрлыққа түскен жас келіншекті анықтады. Белгілі болғандай, күдікті келіншек көршісінің үйіне күндізгі уақытта ұрлыққа түскен. Яғни үй иелері жоқ сәтті пайдаланған ол ашық қалған пластик терезе арқылы ішке кіріп, ас бөлмеде тұрған Redmi телефонын жымқырып кеткен.

Полиция қызметкерлері аталған жас келіншектен 3 ай бұрын дәл осы көршісінің үйіндегі шкафтан алтын бұйымдарын ұрлағанын анықтады.

Күдікті ұрлаған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, ақшаны бас пайдасына жұмсаған. Тәртіп сақшылары қолды болған айғақты заттарды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығуға байланысты қозғалыс шектеледі

арнайы күштер

«Бір басын шапсаң, үш басы өседі»: экономист «Самұрық-Қазынаны» айдаһарға теңеді

Самрұқ

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»