Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Түркістан облысында жарылыс болған үйдің тұрғындары жатақханаға орналастырылды

Түркістан облысының әкімі тиісті қызметтерге авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына көмек көрсетуді, сондай-ақ осы уақыт арасында тұрғындарды қажетті тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырды.

Газ жарылысы
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақын күндері зақымданған тұрғын үйде қалпына келтіру жұмыстары басталады.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында көпқабатты тұрғын үйде газ жарылысы болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс табиғи газдың екінші қабаттан шығуынан болған. Оқиға салдарынан үш пәтердің қабырғалары қирап, терезе жанынан өрт шыққан. Өрт толық сөндірілді.

Жарылыс кезінде пәтер иесі зардап шегіп, аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Оқиға орнында ТЖД, Жедел жәрдем, Полиция, жергілікті атқарушы органдар және 104 апаттық қызметі жұмыс істеді. Үй тұрғындары уақытша Шәуілдір ауылындағы колледждің жатақханасына орналастырылды.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел