USD
USD
USD

Түркістан облысында зейнеткердің үйін жөндеп бермек болған еріктілер шатырдан 5 млн теңге тауып алды

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында қарт әйелдің үйін жөндеуге ниет білдірген тұрғындар үйдің шатырынан қомақты ақша тауып алды.

Ақша
Фото: ІІМ/telegram.org

Астана, NEGE. Бұл жөнінде полиция қызметі хабарлады. Оқиға орнына барған полицейлер тексеру барысында 5 миллион теңгеден астам ақша салынған бірнеше пакетті анықтаған.

Тұрғындардың айтуынша, жөндеу жұмыстары шатырға жеткенде, олар сол жерден бірнеше пакетке салынған ақша тауып алған. Олар бірден полиция қызметкерлеріне хабар берген. Үй иесі бұл қаражатты жылдар бойы жинағанын айтқан.

Полиция қызметкерлері қажетті іс-шаралар өткізіліп, мән-жай анықталғаннан кейін ақша заңды иесіне қайтарылатынын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды

Құрылтай сайлауы

Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырушы үйқамаққа жіберілді

Концерт ұйымдастырушы

Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды: Жұманғарин себебін түсіндірді

жұманғарин

Алаяқтар 36 млн теңгені Нұрбанк арқылы өткізген: сот ақшаны жәбірленушіден өндірмек

коллажды кұрастырған NEGE/ЖИ көмегімен жасалған