USD
USD
USD

Түркістан облысында заңсыз сақталған қару тәркіленді

Түркістан облысында полиция заңсыз сақталған қару тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қару
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Түркістан облысының полицейлері заңсыз сақталған қару, оның ішінде Ак-47 автоматын тәркіледі. 

– Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Сайрам, Түлкібас және Бәйдібек аудандарында қаруды заңсыз сақтау фактілерін анықтады, – деп Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов брифингте мәлімдеді.

4 жергілікті тұрғынды тінту барысында АК-47 автоматы, 3 мылтық карабині, 2 аңшылық мылтық, травматикалық тапанша, түрлі калибрлі патрондар, жабайы арқар мүйізі және басқа да заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді.

Қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Күдіктілер қамалды. 

– Оқиғаның мән-жайы мен күдіктілердің қару-жарақ пен оқ-дәрілерді қандай мақсатта сақтағаны анықталуда. Тергеу жүргізіліп жатыр, – деп атап өтті Қ.Сахов.

Қазір оқып жатыр

Қадырбек Шынбаев Азиадада аралас жекпе-жектен Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды

Қадырбек Шынбаев

Qarmet өндірісті жаңғыртып жатыр: жаңа коксты батареялар мен сортты прокат кешені қашан іске қосылады?

Qarmet

Қазақстанда жергілікті полиция қызметіне 20 мыңнан астам адам жетіспейді

ұрлық

Бапи, Мусин, Мүтәліп: Қазақстан Халық кеңесі құрамына кімдер кірді?

Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Шахмұрат Мүтәліп