USD
USD
USD

Түркістан облысында заңсыз көші-қонмен айналысқан топ ұсталды

Түркістан облысында полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында шетел азаматтарына мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмек көрсетумен айналысқан адамдар тобының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Нақтырақ айтсақ, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шетелдіктерге шекарадан өту үшін жалған сот қаулыларын берген 9 адамды ұстады. Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру және құжаттарды қолдан жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жай анықталады. Сонымен қатар жоғарыда аталған жалған құжаттардың көмегімен ҚР шекарасынан өтуге тырысқан 10 шетелдік азамат елден шығарылды. Жыл басынан бері «Қазығұрт», «Жібек жолы», «Қонысбаев» және басқа да шекаралық бекеттерде валютаны заңсыз айырбастаумен айналысатын адамдарға қатысты 40-тан астам тексеру жүргізіліп, ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерімен профилактикалық әңгімелер өткізілді.

Қазіргі уақытта Түркістан облысының полицейлері кедендік саладағы қылмыстарды анықтау және жолын кесу бойынша іс-шараларды жалғастырып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде учаскелік полицей қарт ананы 30 жыл көрмеген балаларымен қауыштырды

Айболат Бекнияз, Людмила Скрипник

Алматыда дәрігерлер екі жастағы баланың басына кіріп кеткен қайшыны алды

жарақат

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Тоқаев, Масадыков

Трейдерлер Қытайға экспорттан шет қалғанын айтып, дабыл қақты

.