USD
USD
USD

Түркістан облысында заңсыз алкоголь өндіретін цех анықталды

Түркістан облысында полицейлер үйдегі жерасты цехын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру бойынша жерасты цехының қызметін тоқтатты.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер үйде заңсыз бизнес ұйымдастырған Сарыағаш ауданының тұрғынын ұстады.

Тінту кезінде қақпақтарды өңдеуге және штамптауға арналған аппарат, 300 бөтелке мөлшеріндегі дайын алкоголь өнімі, спирт-арақ сұйықтықтарын сақтауға арналған қақпақтар мен ыдыстар тәркіленді. Шығын шамамен 360 мың теңге. Белгілі болғандай, жерасты цехы аудан аумағында үш ай бойы жұмыс істеген, ал оның иесі Түркістан облысының екі ауданының сауда орындарында өнімді заңсыз өткізіп отырған.

Осы факт бойынша барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Жиналған материалдар Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне заңды шешім қабылдау үшін жолданды.

Тәртіп сақшылары жедел алдын алу іс-шараларын жүргізуді жалғастыруда, сондай-ақ азаматтарды құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заң аясында жауапкершілік қарастырылғаны туралы хабардар етеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда жергілікті полиция қызметіне 20 мыңнан астам адам жетіспейді

ұрлық

Бапи, Мусин, Мүтәліп: Қазақстан Халық кеңесі құрамына кімдер кірді?

Ермұрат Бапи, Бағдат Мусин, Шахмұрат Мүтәліп

300-ге жуық үлескер зардап шекті: Астанада «Mardan» тұрғын үй кешеніне қатысты іс сотқа жолданды

«Mardan» тұрғын үй кешені үлескерлерінің қылмыстық ісі

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Еркінғали Бүркіталин