USD
USD
USD

Түркістан облысында тұрғындардың ақшасын алдап алып, ойынға салып жіберген күдікті ұсталды

Түркістан облысында тұрғындардан алаяқтықпен ақша алып, құмар ойынға салып жіберген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен бұрын сотты болған 35 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Күдікті ер адам өзінің танысын кәсіпорындардың бірінде оператор қызметіне жұмысқа орналастырып беремін деген желеумен сеніміне кірген.

Одан жалпы сомасы бір миллионға жуық қаржысын алып, байланысқа шықпай кеткен. Тәртіп сақшылары бұдан бөлек оның тағы екі алаяқтыққа қатысы барын анықтады. Келтірілген шығын көлемі 3 миллион теңгеден астам. Ол жәбірленушілерден алған ірі көлемдегі ақшаны құмар ойынға жұмсап жіберген.

Қазіргі таңда күдіктінің қылмыстық ісі сотқа өтті.

Қазір оқып жатыр

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік