USD
USD
USD

Түркістан облысында трассаларға бекеттер орнатылып жатыр

Түркістан облысы Полиция департаменті мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері республикалық манызы бар жолдарда тәулік бойы қызмет атқарып жатыр.

Қазавтожол
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазіргі таңда Тараз қаласы бағытындағы жолдар толық жабылған. Оның ішінде, «Машат», «Шақпақ баба» асуы, Түлкібас және Сайрам аудандарындағы ішкі жолдарда полиция бекеті орнатылды. Сонымен қатар Бәйдібек және Созақ аудандарындағы ішкі жолдарда көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.

Автожолдарда апатты жағдайларды болдырмау мақсатында 40 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, жолдарды қардан тазарту үшін 192 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.

«Қазір ауа райының нашарлауына байланысты Созақ ауданындағы жолдарда қалып қойған 3 жүк автокөлігінен 2 адам, Төлеби ауданындағы жолдарда қалып қойған 2 жеңіл автокөліктен 7 адам құтқарылды. Қажет болған жағдайда қолданылатын 2 трассалық медициналық-құтқару пункті бар. Сонымен бірге, 11 стационарлық жылыту пункті дайындалды, 8 жылжымалы жылыту бекеті вахталық автобустардың негізінде жасақталды», – деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Нұрлыбек Рахымбердиев.

Қазір оқып жатыр

Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй 12,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылды

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй

Астанада Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр

Ербол Махметов

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana