USD
USD
USD

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 1400-ден астам шара өтті

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 6 сәуір мен 11 мамыр аралығында тазалық шаралары жүргізілді.

Түркістан
Фото: gov.kz

Түркістан, NEGE. «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» апталықтарында 1 408 ауқымды іс-шара өтіп, оған жалпы 67 мыңнан астам адам қатысты.

Түркістан
Фото: gov.kz

Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Жанәділ Айтбеков мәлімдеді.

Түркістан
Фото: gov.kz

«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясының 5 апталығының қорытындысы бойынша облыс аумағында 150 мың түп ағаш отырғызылып, 175 мыңға жуық ағаш әктелді. Сондай-ақ, 40 024 шаршы метр аяқжолдар тазаланып, 346 саябақ және скверлер ретке келтірілді. Бұдан бөлек, 302 мыңнан астам жеке үйлердің және 1 767 әлеуметтік нысандардың айналасы тазаланып, барлық аудан-қалалардағы су, өзен бойларында сенбіліктер өтті. Нәтижесінде 3 981 тонна қоқыс шығарылды. Айта кетерлігі, тазалық және абаттандыру жұмыстары жыл соңына дейін жалғасатын болады», – деді Жанәділ Нұрғалиұлы.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy