USD
USD
USD

Түркістан облысында шекарадан өтпек болған ер адамнан гашиш табылды

Түркістан облысында телефонның қаптағышына гашиш есірткісін жасырып, шекарадан өтпек болған шетелдік ер азамат ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шекарада ер адам
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Келес аудандық полиция бөліміне ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара бақылау қызметінен Өзбекстан Республикасының азаматы есірткі алып өтуі мүмкін деген хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына шығып, күдік тудырған шетелдік азаматты анықтады.

Тексеру барысында телефонының қаптағышынан есірткі заты анықталды. Ер азамат Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға өз көлігімен өтпекші болған. Алынған затқа сараптама тағайындалып, қорытындысы бойынша гашиш есірткісі болып шықты.

Қазіргі таңда күдікті ер адам қамауда.

Шетел азаматына қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай