USD
USD
USD

Түркістан облысында полиция көлік жүргізушісінен 1 келіден астам есірткі тапты

Түркістан облысында полиция көлік жүргізушісінен 1 келіден астам есірткі тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Кентау қаласы патрульдік полиция батальонының қызметкері жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында рейдтік-профилактикалық іс-шара барысында көлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Полицей қызмет атқару кезінде тоқтатқан Audi А6 автокөлігінің алдыңғы орындығынан есірткіге ұқсас зат салынған күмәнді пакетті анықтайды. Бірден жедел тергеу тобын шақырып, тиісті тінту шаралары жүргізілді.

Тәртіп сақшылары тінту барысында көліктен 20 полиэтилен пакетіне оралған жасыл түсті, өткір иісті есірткіге ұқсас затты анықтады. Одан әрі күдікті жүргізушінің тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде сарайдың ішінен пакетке салынған есірткіге ұқсас өсімдік табылып, тәркіленді. Тағайындалған сараптама ұсынылған өсімдіктің жалпы салмағы 1 келіден астам кептірілген марихуана екенін растады.

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Күдікке ілінген жүргізуші, яғни орта жастағы жұмыссыз кентаулық ер адам қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік