USD
USD
USD

Түркістан облысында полиция алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады

Түркістан облысында полиция азаматтардың сеніміне кіріп, қолма-қол ақша беруге уәде еткен алаяқты ұстады,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы полиция департаментінің «Сiberpol» тобының қызметкерлері интернет-алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтады. Ол облыс аумағында алаяқтықтың 2 фактісіне қатысы бар Шымкент қаласының бұрын сотталған тұрғыны болып шықты.

30 жастағы әйелдің әлеуметтік желілерде ақшалай қаражатты «қолма-қол ақшаға айналдыру» бойынша қызметтер туралы хабарландыру жариялағаны анықталды. Мәселен, Сарыағаш ауданының екі тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болып, күдіктіге 120 мың теңгеден астам қаражатын берген.

Көрсетілген фактілер бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар екені анықталды.

Полицейлер бүгінде алаяқтар азаматтардың сеніміне кіріп, мүлкін иемденудің әртүрлі тәсілдерін ойлап тапқанын еске салады.

Интернет-алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс адамдарға сеніп, жеке деректерді хабарлауға немесе күмәнді шоттарға ақша аударуға болмайды.

Қазір оқып жатыр

ММА шебері Еркінғали Бүркіталин Азия ойындарының чемпионы атанды

Еркінғали Бүркіталин

Оң рөлді көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салынады: ІІМ баллдық жүйе енгізбек

Alphard

Премьер-министр түнде тұрғындардың тыныштығын бұзатын көлік иелерін қамауға алуды тапсырды

Мотоцикл

Бектенов бірқатар өңірде жылу желілерін жөндеу жұмыстары толық аяқталмағанын сынға алды

Үкімет отырысы