USD
USD
USD

Түркістан облысында орта білімді ғылыми-практикалық негізде дамыту жүзеге аса бастады

2024-2025 оқу жылында Түркістан облысы, Білім басқармасы орта білім сапасын ғылыми- практикалық негізде көтеру бағдарламасын іске асыра бастағаны белгілі. Аталмыш ауқымды жобаға ел өңіріндегі бірқатар мектептер қатысып, белсенлілік танытып келеді.

білім
Фото: Ордабасы аудандық білім бөлімінің баспасөз қызметінен

Түркістан, NEGE. Атап айтар болсақ, аталған бағдарламаны жандандыру жолында Ордабасы ауданының мектептері жемісті еңбек етуде.

Жуырда Бағдарламаның ғылыми жетекшісі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің зерттеуші-профессоры, облыстық білім басқарма басшысының штаттан тыс кеңесшісі, академик А. Құсайыновтың жетекшілігімен Ордабасы ауданының «Атамекен» мектебінде ауқымды семинар-кеңес өтті.

Ғылым төңірегінде ұйымдастырылған жиынға облыстық білім басқармасының маманы Н.Айдаров, аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жетекшісі Б.Бекпейіс, пән әдіскерлері, мектеп мүдірлері мен орынбасарлары және білікті ұстаздар қатысты.

Семинар барысында жоғары санатты тәжірибелі ұстаздар, білімді ғылыми негізде дамыту аясында өз ойларын ортаға салып, оны көпшілікпен бірге талқылады. Өз кезегінде бағдарламаның тұжырымдамасы мен кешенді жұмыс жоспары да таныстырылды. Ал семинар соңында жастарға рухани-адамгершілік тұрғысында тәрбие беру мәселесі жөнінде сөз қозғалды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Ордабасы ауданына қарасты 138 білім беру ұйымдары жұмыс жасап отыр. Оның 76-сы жалпы білім беретін мектептер болса, 60-ы мектепке дейінгі мекеме, ал 2-і қосымша білім беру ұйымы есебінде тіркелген.

Қазір оқып жатыр

Мүфтият айт намазаның кестесін жариялады

Намаз

Сот Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың жазасын жеңілдетті

Бақытгүл Хаменова

Парламент қарауына бес конституциялық заң енгізіледі

Тоқаев

Қазақстанда тағы бір рақымшылық жариялануы мүмкін

Сталкинг