USD
USD
USD

Түркістан облысында оқушы қызды бірнеше жігіттің зорлағаны рас па?

Желіде Түркістан облысында оқушы қызды бірнеше жігіттің зорлады деген ақпарат тарады. Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазды Sputnik.

Полицей
Фото: ҚР ІІМ

Алматы, NEGE. Қабденовтың айтуынша, жалған ақпарат таратушылар анықталатын болады. Оларға қатысты әкімшілік және қылмыстық шаралар қолданылады.

"Желіде Төлеби ауданы Зағамбар ауылында болған оқиға туралы ақпарат таралуда. Бұл - жалған. Оқушы қызды бірнеше жігіт зорлады және ол жүкті деген ақпарат шындыққа жанаспайды", - деді Мұрат Қабденов.

Оның айтуынша, 24 сәуірде кәмелетке толмаған қызды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сараптама тағайындалды және қылмыстық іс сотқа жолданады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде 35 жастағы әйелді бұрынғы танысы пышақтап кеткен

Күдікті

Сауд Арабиясына жасалған шабуылдар: СІМ қазақстандықтарға үндеу жасады

СІМ ғимараты

Такси бағасы үш есе қымбаттаған: inDrive-ке ескерту жасалды

такси

«Бетіңді тіліп тастаймын»: Алматыда пышақ ұстаған балалар тұрғындарды қорқытқан

Пышақ ұстаған бала