USD
USD
USD

Түркістан облысында әкесі телефонын алып қойған оқушы қыз көпірден секірмек болды

Сауран аудандық полиция бөлімінің «102» тетігіне Шымкент-Түркістан бағытындағы көпірден жасы кәмелетке толмаған жас қыздың секіруге әрекеттеніп жатқаны жөнінде хабарлама келіп түсті, деп хабарлады Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. – Оқиға кешкі сағат 21:00 шамасында болған. Тәртіп сақшылары келген кезде жасөспірім қыз көпірден секіруге ыңғайланып тұрғанын көріп, райынан қайтару үшін онымен тез арада сөйлесу қажет екенін түсінді. Содан полиция инспекторлары бойжеткенді секірмеуге үгіттеп, қауіпті қадам жасамауға көндіре бастайды. Сол сәтте тәртіп сақшысының бірі қолайлы сәтті пайдаланып, бойжеткенді шапшаңдықпен ұстап қалып, қауіпсіз аумаққа алып шықты. Қырағылық пен жедел әрекеттің арқасында полицейлер осылайша 9-сынып оқушысын құтқарып қалды, - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, әкесі қызының ұялы телефонын тартып алғандықтан, араларында кикілжің туындап, жасөспірім ойланбастан осы қадамға барған.

Қазір оқып жатыр

25 қыркүйекте Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пункттері уақытша жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункті

Тоқаев ОСК, Жоғары аудиторлық палата және Конституциялық сот төрағаларын қайта тағайындады

Әбдіров, Смайылов, Әзімова

Үндістанда қамауға алынған танкерде қазақстандық теңізші де бар болып шықты

Танкер

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы атыс: полиция мән-жайды түсіндірді

Полиция көлігі