USD
USD
USD

Түркістан облысында нәрестенің құлағынан алтын сырғасын шешіп алған күдікті ұсталды

Түркістан облысында нәрестенің құлағынан алтын сырғасын шешіп алған күдікті құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық қылмысын жасады деген күдікпен 29 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді.

Анықталғандай, күдікті әйел базарда екі баласымен және жол сөмкесімен такси іздеп жүрген әйелді көрген. Жәбірленушінің қолында 2 жастағы қызы мен жол сөмкесі және 8 айлық сәбиі болған. Ол әйелге көмектеспек болып, сәбиді қолына алған. Яғни таксиге дейін шығарып салар тұста оған байқатпай нәрестенің құлағындағы сырғасын шешіп алған.

Сырғаны ломбардқа өткізіп жіберген. Тәртіп сақшылары күдіктінің қолды қылған сырғасын тауып, заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі таңда күдікті әйелдің бұдан басқа да қылмысқа қатыстылығы тексеріліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду

Әкім қабылдауына келген тұрғындарды неге ұялы телефонына түсірген?

Аманжол Мырзабеков

Қазақстанның газ саласында 24 млрд теңге көлемінде қаржылық заңбұзушылықтар анықталды

газдандыру