USD
USD
USD

Түркістан облысында мектеп директорына жала жапқан әйелге айыппұл салынды

Түркістан облысында әйел "Facebook" парақшасында аудандық орта мектептің директоры туралы жалған мәлімет жазғаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Оtyrar порталы хабарлады.

айыппұл
Фото: inbusiness.kz

Алматы, NEGE. Әйел желіде бұл мектеп директорының сыбайлас жемқорлықпен айналысатынын және бұл қызметте жұмыс істемеуі керек екенін жазған.

Кейін мектеп директоры бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Ол өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіргені үшін әйелді сотқа берді.

"Сот отырысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Сот қаулысымен ол кінәлі деп танылып, 465 192 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сот құқық бұзушының жүктілігін және жүректен өкінгенін, жәбірленушіден және соттан кешірім сұрағанын ескере отырып, әкімшілік айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтты", - деді Түлкібас аудандық соты

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс