Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Түркістан облысында малшы өзіне сеніп тапсырылған жылқыларды сатып жіберген

Түркістан облысында малшы өзіне сеніп тапсырылған жылқыларды сатып жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жылқы, мал ұрлығы
Фото: Polisia.kz

Алматы, NEGE. Түлкібас аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ауыл сыртында мал бағатын малшыға малын сеніп тапсырған. Алайда оның сеніп тапсырған үш жылқысын жымқырып кеткен.

Күдікті жәбірленуші азаматқа 2 млн теңге шығын келтірген. Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша тіркеді.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 44 жастағы ер адамды жеткізіп, одан жауап алды. Белгілі болғандай, күдікті ер адам жылқыларды 2 миллион теңгеге сатып, ақшаны өзінің бас пайдасы үшін жаратқан.

Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат