USD
USD
USD

Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды

Түркістан облысында мал ұрлығымен айналысқан күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Мал ұрлығы
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 3 ауданда мал ұрлығымен айналысқан топты ұстады.

Анықталғандай 4 күдіктіден тұратын топ алдын-ала сөз байласып, жылқыларды жайылымнан ұрлап жүрген. Содан кейін ұрланған малды жүк көлігіне артып әкетіп, сойып, етін сатқан. Бүгінгі таңда күдіктілердің Мақтаарал, Жетісай және Келес аудандарының аумағында мал ұрлығының 10 фактісіне қатысы бары белгілі болды. Шығын 19 миллион теңгеге жуық.

Тінту барысында ұрланған 9 жылқы, жүк көлігі мен басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдіктілердің бірі осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған болып шықты.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайды тексеріп, күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама