USD
USD
USD

Түркістан облысында қайтарылған активтер есебінен ауылдарды сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр

Елімізде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасып жатыр.

Ауыз су
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Үкімет Түркістан облысында сумен жабдықтау желілерін салуға және жаңғыртуға Арнаулы мемлекеттік қордан 20 млрд-тан астам теңге бөлді. Қазір өңірде құны 5 млрд теңге болатын Шардара топтық су құбырын салу жұмыстары жүріп жатыр.

Қор қаражатынан Жібек жолы, Шеңгелді, Ақ үй, Қаратөбе, Жуантөбе, Жаңадәуір, Есікқорған, Құйған, Ақсу ауылдарындағы сумен жабдықтау жобаларына 4,2 млрд теңге бөлінді. Ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары Сарыағаш, Қазығұрт, Келес, Ордабасы және Отырар аудандарында да жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Сарыағаш ауданындағы магистральді су құбырын жаңарту жұмыстарын аяқтау үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 2,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінгені хабарланған еді. Бұл жоба 260 мыңнан астам халқы бар 66 ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосуға мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

 Alfa Nero

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

 Бөрте Сайранбекқызы

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

ресей

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды

Полиция