USD
USD
USD

Түркістан облысында қарызын өтеу үшін мал ұрлағандар ұсталды

Түркістан облысында қарызын өтеу үшін мал ұрлығын жасағандар ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Түркістан облысында Бәйдібек ауданының полициясы мал ұрлығына қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған екі күдікті жас жігіттерді қолға түсірді. Белгілі болғандай, күдіктілер ауыл тұрғындары болып шықты.

Олар қарыздарынан құтылу үшін ұрлыққа барған. Содан өзара сөз байласып, түнгі сағат 03:00 шамасында жәбірленушінің қора жайына заңсыз кіріп, қорада тұрған екі бас қозы мен екі бас қойын айдап алып кеткен. Одан соң малдарды көлікпен үйлеріне алып келіп, танысына сатып жіберген. Ал одан түскен ақшаны өзара бөлісіп алған. Жәбірленушіге 240 мың теңге шығын келтірген. Сондай-ақ тексеру барысында екі күдіктінің біреуі бұрын сотты болғаны анықталды.

Тәртіп сақшылары ұрланған малдарды тауып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда олардың ісі сотқа өтті.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама