USD
USD
USD

Түркістан облысында ер адам полициямен атыс кезінде қаза тапты

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында полиция қызметкерлері патрульге оқ атқан ер адамды атып тоқтатуға мәжбүр болды. 

Түркістан
Фото: Gov.kz

Астана, NEGE. Жергілікті полиция департаментінің мәліметінше, жергілікті тұрғыннан оның бұрынғы жұбайы қарумен келіп, балаларының көзінше жанжал шығарғаны туралы шағым түскен.

Полиция оқиға орнына келген кезде мылтық ұстаған ер адам жүгіріп шығып, көрші үйдің ауласындағы сарайға тығылған. Бірнеше рет ескерту жасалғанына қарамастан, ол бағынудан бас тартып полицейлердің бірін жарақаттап, оқ жаудырады. 

Полицейлер тойтарыс беру үшін ауаға ескерту оқтарын атқан.

Алайда құқық бұзушы ескертулерге тоқтамағаннан кейін, заңнамаға сәйкес табельдік қару қолданылды. Құқық бұзушы алған жарақатының салдарынан оқиға орнында қайтыс болды, – делінген хабарламада. 

Тексеру барысында тіркелмеген шолақ мылтық, патрондар мен гильзалар тәркіленді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС