USD
USD
USD

Түркістан облысындағы жантүршігерлік қылмысқа қатысты күдікті ұсталды

Әлеуметтік желіде мұғалім 16 жастағы оқушы қызды қорлап, анасын да өлтіргені туралы ақпар тараған болатын. Анасы арыз жазып, ол жұмыстан қуылған. Осыдан кейін ер адам отбасынан кек алу ойын жүзеге асырған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

кісен
Фото: ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Жіберілген хабарламада белгісіз біреулер қыздың өлер алдында зорланғанын да жазған. Полиция кісі өлтіру фактісін растады.

Полицейлер Түркістан облысының тұрғыны мен оның кәмелетке толмаған қызын өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдікті бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеуге сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.

Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Полицейлер кәмелетке толмаған баланы зорлау фактісі расталмағанын айтты. Күдіктіге қатысты «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Білім басқармасы ұсталған азаматтың білім саласында жұмыс істемейтінін мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

АҚШ соты 75 елдің азаматына иммиграциялық виза беруді тоқтату туралы шешімнің күшін жойды

иммиграциялық виза

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым