USD
USD
USD

Түркістан облысында еден жуушы оқушының телефонын ұрлап кеткен

Түркістан облысында еден жуушы оқушының телефонын қолды қылған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстары барысында ұрлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 43 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Белгілі болғандай, ұрлық қылмысына барған күдікті әйел мектепте еден жуушы болып жұмыс істеген.

Оқиға болған күні ол спорт залдағы қыздардың киім ауыстыру бөлмесін тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде сөреде тұрған Oppo A53 телефонын жымқырып кеткен. Ұрлап алған телефонын әйел сатып жіберген. Тәртіп сақшылары күдіктінің сатып жіберген телефонын тауып, заңды иесіне табыстады.

Қазіргі таңда күдікті әйелдің бұдан басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов Ресейге қатысты CAS шешімін FIDE үшін «қызыл сызық» деп атады

Тимур Турлов

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев