23 Қазан 16:39

Түркістан облысында браконьерлерден ақбөкендердің ұшасы мен қару-жарақ тәркіленді

Полиция
Фото: Полиция

Түркістан облысында полиция браконьерлерден 16 ақбөкеннің ұшасы мен қару-жарақ тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Созақ аудандық полиция бөліміне «Охотзоопром» инспекторынан хабарлама келіп түсті. Онда аймақта жүрген белгісіз көлікті тексеру керек екені айтылған. Оқиға орнына жедел жеткен полиция ҚР Қызыл кітабына енгізілген жабайы жануарларды заңсыз аулау дерегін анықтады.

Жедел уәкілдермен дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде күмәнді Toyota land gruizer көлігі, 16 дана ақбөкеннің ұшасы, 13 дана ақбөкеннің басы, 2 дана пышақ, 58 дана аңшы мылтығының оғы, дүрбі, аңшы мылтығы, 12 калибрі екі ұңғылы 2 мылтық, 4 дана жарықтандырғышты заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді.

Тиісті сараптама тағайындалды. 

Жергілікті полиция қызметінің полицейлері көліктегі күдікке ілінген 4 ер адамды полиция бөліміне жеткізді. Олар Жамбыл облысының тұрғындары болып шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.