USD
USD
USD

Түркістан облысында бір стоматолог бір мезгілде ондаған пациенттің «тісін емдеген»

Түркістан облысының прокуратурасы мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдарды тексеріп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі қаражатты заңсыз алу және жұмсау фактілерін анықтады.

Стоматолог
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Прокуратура мәліметінше, екі аффилирленген клиника өздеріне жалған түрде үш дәрігерді рәсімдеп, электрондық төлем жүйесіне 40 мың жалған стоматологиялық қызметті тіркеген. Оны жүкті әйелдер мен балаларға көрсетілген қызмет ретінде рәсімдеген.

Тексеру барысында бір стоматологтың бір күнде әртүрлі клиникаларда бір уақытта ондаған пациентке «қызмет көрсеткені» белгілі болған. Тексеру барысында пациенттер тісін емдетпегені анықталған.

Осылайша 203 млн теңгеге жуық стоматологиялық қызмет қағаз жүзінде ғана көрсетілген.

Бұл фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.

Сондай-ақ облыстағы жекеменшік клиникалардың бірінде рұқсат құжаттарынсыз «офтальмолог», «гастроэнтеролог», «аллерголог», «уролог», «психиатр», «гематолог», «генетик», «қан тамырлары хирургі», «нейрохирург», «нефролог», «инфекционист», «невропатолог», «эндокринолог», «хирург», «кардиолог», «фтизиатр», «рентгенолог», «ревматолог», «онколог» мамандарының атынан 28 мыңнан астам консультация көрсетіліп, 91 млн теңге көлемінде қаражат алынған.

Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 214-бабы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілген. Келтірілген залал толық өтелуіне байланысты іс тоқтатылды.

Қазір оқып жатыр

Бектенов Астанадан Нью-Йоркке тікелей рейсті жыл соңына дейін ашуды тапсырды

Нью-Йорк

Көлік министрлігі ішкі әуе рейстерін қосылған құн салығынан босатуды ұсынды

Ұшақ апаты

СҚО-да ауыл әкімі көз жұмды: полиция суицид дерегін растады

Ерлан Смаилов

LRT вагондарын бүлдіргендер 13 млн теңгеге дейін айыппұл арқалауы мүмкін

ЛРТ