USD
USD
USD

Түркістан облысында автомобиль көпірі опырылып түсті

Түркістан облысында Келес өзені арқылы өтетін автомобиль көпірі құлады.

Келес ауданы әкімдігі/видеодан скриншот
Фото: Келес ауданы әкімдігі/видеодан скриншот

Астана, NEGE. Бұл жағдай 17 желтоқсан күні болған. Бұған дейін тұрғындар көпірде жарық пайда болғанын байқаған.

Оқиға орнына шенеуніктер, полицейлер мен құтқарушылар келіп, көпірді жапқан, алайда біраз уақыттан кейін ол опырылып құлаған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Аудандық әкімдіктегілердің мәлімдеуінше, көпір ұзақ уақыт бойы қолданыста болған, сондай-ақ оның бағаналарын су шайып кеткен.

Көпір Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының балансында болған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі