USD
USD
USD

Түркістан облысында «Ауылдағы бір күнім» жобасы өтті

Бүгін Түркістан облысында Жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Ауылдағы бір күнім» байқауы басталды. Оған 13 команда қатысады.

Әжелер
Фото: gov.kz

Түркістан, NEGE. Жобаның басты мақсаты – жастар арасында қазақтың төл мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттау, рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту.

Байқау Қазығұрт ауданындағы тұмса табиғат аясында өтіп жатыр. Қатысушыларға әсерлі болуы үшін, этно-ауыл құрылды.

Жігіттер садақ ату, арқан тарту сияқты ұлттық ойындарда бақ сынайды. Қыздар аспаздық қабілеттерін көрсетеді. Олар құрт пен ет қамырын жайып, үлкендердің бағасын алады.

Соңғы кезеңде зияткерлік ойын ұйымдастырылады, сайысқа қатысушыларға Қазақстанның мәдениеті мен тарихы туралы сұрақтар қойылады.

Жүлдегер командалар ақшалай сыйлықтарға ие болады. Айта кетейік, «Ауылдағы бір күнім» байқауы алғаш рет 2023 жылы өтті.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық