USD
USD
USD

Түркістан облысында әкімдер жерді заңсыз таратқан

Түркістан облысында әкімдік мемлекеттік жерлерді шамамен 2 миллиард теңгеге заңсыз таратқан. Бұл туралы облыстық прокуратураның жер заңнамасының сақталуына арналған алқа отырысында айтылды.

Жер телімі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мәжілісте тексеру барысында анықталған заңсыздықтар мен кемшіліктердің себеп салдары талқыланып, жергілікті әкімдер тарапынан жіберілген заңбұзушылықтарға назар аударылды.

Кейінгі 3 жыл ішінде (2023-2025жж.) облыс көлемінде жергілікті атқарушы органдармен 6 мың гектардан аса (құны 1,8 млрд теңге) 190 жер учаскелері заңсыз табысталғаны анықталды.

Бұл ретте, әкімдер жер заңнамасында көзделген конкурс талаптарын айналып өтіп, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, жеке қосалқы шаруашылық және қосымша жер табыстау жолымен мемлекет жерлерін заңсыз иеліктен шығарғаны белгілі болды.

Онымен қоса, 400 гектар жерлердің (150 жер учаскесі) нысаналы мақсаты заңсыз кәсіпкерлікке өзгертілген. Бірде бір жағдайда сәулет және қала құрылысы құжаттамаларының талаптары сақталмаған.

Отырыста, заңсыз құрылыстар, жеке тұрғын үй кезектілігі, жерлерді ұтымды пайдалану мәселелері де талқыланды.

Мәжіліс қорытындысымен осы салаға жауапты мемлекеттік органдарға тиісті хаттамалық тапсырмалар беріліп, заң бұзған лауазым иелерінің жауапкершілігін қарау жөнінде ескертілді.

Жер заңнамасының сақталуы облыс прокуратурасының қатаң бақылауында.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында жаңа «Алатау» арнайы экономикалық аймағы құрылады

арнайы экономикалық аймақ

Қазақстанда діни сұрақтарға Imam AI жауап бермек

Имам AI

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18% деңгейінде қалдырды

банк

Атырау облысында өлтірілген отбасы ісі: қылмыс қашан және қалай жасалғаны айтылды

Қарабалиндер отбасы