USD
USD
USD

Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адамның әйеліне де қылмыстық іс қозғалды

Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған ер адамның видеосы әлеуметтік желіде тарап, қоғамды дүр сілкіндірді. Артынша, ер адам қамалған болатын. 

Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан ер адам
Фото: видео-скрин

Алматы, NEGE. Бүгін күдіктінің келіншегіне қатысты да қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Полиция қарияның ұлына қатысты «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен бірге ұлының жарына қатысты да тергеу жүріп жатыр. Оған қатысты «Әлсіз күйдегі немесе материалдық не өзге тәуелділікте тұрған адамды ұрып-соғу» бабы бойынша іс қозғалды.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі. Оның нәтижелері бойынша тиісті іс жүргізу шешімі қабылданады. Тергеу барысында арызда көрсетілген барлық деректер тексеріліп, аяқталған соң қылмыстық процеске қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», – делінген Түркістан облыстық ПД хабарламасында.

Полиция сонымен қатар, қарттың өліміне әкелген туыстарының қол көтеру фактілеріне дейін зейнеткерден немесе басқа адамдардан шағым түспегенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу

Алаяқтар енді eGov қызметкері ретінде хабарласа бастаған

алаяқтық

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев